Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
6 наурызда Астана қаласында түнде қар жауады, ал күндіз аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, боран соғып, жолдарда мұз қатуы ықтимал. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының батысы мен орталығында 6 наурызда көктайғақ болады. Желдің бағыты – оңтүстік-батыс. Түнде өңірдің батысы мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетсе, күндіз де осы шамада сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде және тау бөктерлерінде 6 наурызда кей уақытта тұман түсуі мүмкін, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын жел облыстың солтүстігі мен батысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау облысының батыс, солтүстік және орталық аудандарында 6 наурыздың түнінде көктайғақ байқалады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, өңірдің батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында 6 наурызда түнгі уақытта қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Өңірдің оңтүстік және орталық аймақтарында бұрқасын соғып, жолдар көктайғаққа айналады. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, ал облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде 6 наурызда күндіз жаңбыр жауады. Түнде өңірдің солтүстік, батыс және таулы аймақтарында тұман байқалады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде тау асуларында 15-20 м/с, ал күндіз облыстың солтүстік, батыс, орталық және таулы өңірлерінде 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал.
Атырау облысында 6 наурызда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіліп, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және орталығында 6 наурыздың түнінде қар жауып, жаяу боран соғады. Күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз де осы қарқын сақталады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында 6 наурызда түнде қар жауып, ал батыс пен солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз жаңбыр мен қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батыс және оңтүстік бағытқа ауысады. Түнде батыс, солтүстік және шығыста жел 15-20 м/с жылдамдықпен соқса, күндіз осы деңгейде сақталып, батыс пен солтүстікте екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында 6 наурызда түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болып, боран соғады және көктайғақ орын алуы мүмкін. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда тұман байқалады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 6 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғады, ал таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде 6 наурызда күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіліп, бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғып, облыстың батыс, солтүстік және орталық аймақтарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысында 6 наурызда түнде қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, боран көтеріліп, көктайғақ болады. Батыс және шығыс аудандарда тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысып, облыстың оңтүстік және шығыс бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар облысында 6 наурызда күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіліп, бұрқасын соғады және көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстіктен соғатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында 6 наурызда қар жауып, боран соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс аймақтарында 6 наурыздың түнінде жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз де жауын-шашын сақталып, көктайғақ болады. Батыс және солтүстік аудандарда тұман түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік және таулы аудандарында 6 наурызда көктайғақ күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.