Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету ережесіне түзетулер енгізілуі ықтимал. Бұл өзгерістер жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жария етті.
Нені өзгерту көзделіп отыр?
Құжат “Ашық НҚА” порталында 2025 жылдың 5 мамырына дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.
- Жоба Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындау аясында әзірленді. Онда әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету тетігін жетілдіру, олардың жиынтық кірістері мен шығыстарын нақты айқындау қажеттігі айтылған, – делінген құжатта.
Жобаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтар банк шоттары, банктік қарыздары (ипотекалық несиелерден басқа), микрокредиттері, жинақ салымдары мен депозиттері бойынша жасалған шығыс операциялары туралы ақпарат ұсынуы тиіс. Бұл деректер үміткердің жазбаша келісімі арқылы ғана алынуы мүмкін.
Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға немесе отбасыларға беріледі.
АӘК келесі санаттағы адамдарға тағайындалады:
• Қазақстан Республикасының азаматтарына;
• Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға;
• Босқындарға;
• Қандастарға.
Жан басына шаққандағы орташа табыс — отбасының айлық жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы есептеледі.
Тағы көру