Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі

30.04.2025
1 мин
11
1387
Сурет: egemen.kx

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Басты жаңалықтардың бірі – медициналық көмектің бірыңғай пакетін енгізу. Министрдің айтуынша, бұл бастама әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтауға жағдай жасап, мемлекет тарапынан кепілдендірілген көмекті кеңейтеді.

Әлназарованың айтуынша, бірыңғай пакет медициналық қызмет көрсету жүйесін айқын әрі қолжетімді етіп, қызметтердің қайталануын болдырмайды. Бұл өзгеріс жүйенің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, халықтың МӘМС жүйесіне белсенді қатысуына жол ашады.

- Қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жарналарын есептеу үшін қолданылатын база шегін – ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшеріне дейін арттыру ұсынылады. Бұл жаңалық шамамен 508 мың жалдамалы жұмыскер мен олардың жұмыс берушілеріне әсер етеді, – деді министр Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар 2027 жылдан бастап республикалық бюджеттен МӘМС жүйесіне бөлінетін мемлекеттік жарналар үлесін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

Министр атап өткендей, 2015 жылғы заңның алғашқы нұсқасында көзделген қаржыландыру моделіне ішінара оралу ұсынылып отыр. Жаңа заң жобасы бойынша мемлекет жарналарын 2027 жылдан 2037 жылға дейін әр екі жыл сайын 0,5 пайызға арттыра отырып, 2 пайыздан 5 пайызға дейін жеткізу көзделген. Қосымша түскен қаражат денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын өтеуге жұмсалады.

Сондай-ақ заң жобасында жұмыссыздар мен қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлеу қарастырылған.

Министрдің айтуынша, аталған шаралар нәтижесінде 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам азамат қамтылмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
Ш
Шынтас 30.04.2025
Жарайды, менің пікірім аударылған қаражатты әр адам өзі көріп отыру керек. ЕНПФ сияқты жасау керек. Сол кезде ашық болады.
Жауап беру
С
Сандуғаш Нұрсұлтанқызы 30.04.2025
Сәлеметсіздер ма! Жамбыл облысы Қордай ауданы Қараукмер ауылында тегін берілетін дәрі дәрмектер жоқ. Әлі күтудеміз. Ауыл бойынша ревматоидный артрит 2 адам дәрі аламыз , соны ала алмай отырмыз. Кеше больницаға ине салғызуға бар едім новокаин жоқ өзіңмен сатып әкел деді. Не былықтырып отырғандарын білмедік. Жоғарыдағылар оқып отырса Қордайды Қаракемерді тексеремін деп сұраймын. Дәрі дәрмек алмағаннан аяқ қолдарым аурып жатыр.
Жауап беру
С
Сандуғаш Нұрсұлтанқызы 30.04.2025
Сәлеметсіздер ма! Жамбыл облысы Қордай ауданы Қараукмер ауылында тегін берілетін дәрі дәрмектер жоқ. Әлі күтудеміз. Ауыл бойынша ревматоидный артрит 2 адам дәрі аламыз , соны ала алмай отырмыз. Кеше больницаға ине салғызуға бар едім новокаин жоқ өзіңмен сатып әкел деді. Не былықтырып отырғандарын білмедік. Жоғарыдағылар оқып отырса Қордайды Қаракемерді тексеремін деп сұраймын. Дәрі дәрмек алмағаннан аяқ қолдарым аурып жатыр.
Жауап беру
А
Асеке бек 30.04.2025
Жем корларга тагы быр май шелпек
Жауап беру
Ш
Шарбану 30.04.2025
Сол страховкадан ауыр дертке шалдыккан балаларга жумсалса жаксы гой, биреудын калтасын толтырып жургендеймиз. Ватсап чаттарда, кайырымдылык корлармен тиын жинап журеди.
Жауап беру
Ш
Шарбану 30.04.2025
2017 жылдан бери осы страховкага толеп отырмыз жолдасыма. Содан кыста 2 ай толенбей калды, создин швны керек, каражаттын рети болмады. Сонымен жолдасым ауырып, больницага коринуге барып еди, страховка толенбеген деп кабылдамай койды... Сонда неше жыл бойы толенген каражатымыз кайда кетти? Платныйга барып коринди. Страховканы мулде алып тастау керек деп ойлаймын.
Жауап беру
G
Gulshat Muradova 30.04.2025
Айтыңызшы осы сақтандыру барлық емшара түріне жүреді ма мысалы КТ, МРТ жасататын боосаңыз ақылы иммунный, витаминный, аллергенный, горманальный анализ тапсырсаң ақылы кейде осы сақтандыруды бір жылда бір ретте пайдаланбайтын уақыттар болады ауырып барсаң саған дәрігердің қарауға уақыты жоқ екі көзі компютерде сосын өзің қазақшаға салып емделіп аласың осы пайдаланылмаған жылдық қаражат қайда оның есебін кім береді оны сен жыл бойы бізден қызмет алған жоқсыз деп қайтарып беріп жатқан ешкім жоқ күрбелі ауырсаң сіра хирург тіпті анестозтлогта ақылы ал бұлай пайыздарды көтере береді тек бір сөзбен айтқанда таза корупция тонау
Жауап беру
З
Зульфия 30.04.2025
Мәмсті төлей алмай қарызда жүрмін,ай сайын көбейеді.Не ауруханаға бармайм бірақ әйтеуір МӘМСКЕ қарызбын ????100 мыңның үсті болды.
Жауап беру
М
Майнұр 30.04.2025
Баласының денсаулығына байланысты үйде отырған аналарға және толық емес отбасыларына да жеңілдіктер қарастырылсын
Жауап беру
А
Акмейр 30.04.2025
Ештенеге жарамайды. Жакында операция жасаттым Барлығын платный өттім
Жауап беру
А
Айдана 30.04.2025
Қаралмасақта өтіп кеткен жылға төлеу керекпізба қаралу ушін.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл