Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстанның солтүстік-шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысы оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Таулы өңірлерде түнде суық күтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Батыс және солтүстік-батыс облыстарда жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Температура түнде 2–15 °C шамасында, таулы аймақтарда –1 °C дейін төмендеуі мүмкін. Күндізгі ауа температурасы 15–25 °C аралығында, батыс пен оңтүстікте 28 °C-қа дейін көтеріледі.
• Астанада жаңбыр жауады. Күндіз +16…+18 °C, түнде +5…+7 °C.
• Алматыда жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Күндіз +17…+19 °C, түнде +10…+12 °C.
• Шымкентте күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Күндіз +22…+24 °C, түнде +10…+12 °C.