Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2021 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынды
Жаңалықтар

2021 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынды

06.12.2021
1 мин
0
667

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынды, сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы жалғасын тапты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Тұрғын үй мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Өткен жылы пандемияға қарамастан, елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, оның 80%-ы - жеке инвестициялар. Мемлекет басшысы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемін ұлғайту мәселесін ерекше бақылауда ұстайды.

Мысалы, 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы – 2 900 жеңілдікті пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Бұл көрсеткіш биыл 10 мың пәтерге дейін ұлғайтылды", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, елордада 2021 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы жалғасын тапты. Ағымдағы айда 2,5 мың әлеуметтік пәтерге арналған 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (қолжетімді тұрғын үй) пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаты кеңейтілді және т. б.

2022 жылы қалада тағы 10 мың жеңілдікті пәтер салынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл