467.65
533.26
5.96
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында тұрғыннан 40 келіден астам марихуана тәркіленді
Жаңалықтар

Жамбыл облысында тұрғыннан 40 келіден астам марихуана тәркіленді

22.07.2026
мин
0
110

Жамбыл облысында 40 келіден астам марихуананы өткізу әрекетіне тосқауыл қойылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті.

Меркі ауданының Қосқұдық құмды алқабында полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады. Жергілікті жерді қарау барысында тәртіп сақшылары шабылған жабайы қарасора үйінділерін, сондай-ақ оларды тасымалдауға арналған бес бос қапты анықтады.

Күдіктінің айтуынша, ол жоғалған малын іздеуге шыққан. Кейін құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді жинап, оларды шатырдың үстіне жайып, кепкен жапырақтарын бөліп ала бастаған. Осы кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 40 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл