Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына 5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді
Жаңалықтар

2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына 5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді

04.01.2024
1 мин
0
904
Фото: gov.kz

Биыл әлеуметтік-еңбек саласындағы бюджет шығыстары 16%-ға өсті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары шамамен 5 трлн 456 млрд теңге сомасына қарастырылған, бұл 2023 жылғы шығыстардан 16,3 %-ға артық (шамамен 4,7 трлн теңге).

«Көзделген шығыстардың 98,2%-ы немесе 5 трлн 355,5 млрд-ы 2,4 млн зейнеткерге зейнетақы және 2,2 млн-ға жуық алушыға жәрдемақы төлеу үшін бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, бүгінгі күні республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 

2023 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,4 млн адамға, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4 трлн 689,3 млрд теңге жұмсалды.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл