Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәліметінше, 2025 жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылады. Бүгінде ел бойынша мұндай жүйе тек 3,2 мың шақырым жолда жұмыс істейтінін ескерсек, ақылы учаскелер саны екі еседен аса артады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет отырысы барысында Қарабаев бюджет жүктемесін азайту және өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында реконструкция мен жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жол жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатқанын атап өтті.
- Қазіргі уақытта ел бойынша 3 200 шақырым ақылы жол бар. 2024 жылы бұл жүйеден түскен кіріс 48 миллиард теңгені құрады. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылады, олардан 60 миллиард теңге кіріс түседі деп күтілуде. Ал келесі жылы бұл сома 100 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, – деді ол.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатыр.