462.22
536.5
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2027 жылға дейін 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Жаңалықтар

2027 жылға дейін 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

20.08.2026
мин
0
82
Сурет: 365info

Қазақстанда интернет инфрақұрылымын ауылдарға дейін жеткізуге бағытталған бірнеше ірі жоба қатар жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылы жүздеген елді мекен спутниктік байланысқа қосылса, алдағы жылдары мыңдаған ауылға талшықты-оптикалық желі тарту жоспарланған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанның цифрлық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – интернеттің елді мекендер арасында біркелкі таралмауы. Қалада жоғары жылдамдықты байланыс қалыпты жағдайға айналғанымен, кей ауылдарда тұрғындар әлі де тұрақсыз мобильді интернетке немесе спутниктік байланысқа тәуелді.

Бұл мәселені шешу үшін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарланған 31 шараның 21-і қазірдің өзінде орындалған.

2025 жылы 362 ауыл спутниктік интернетке қосылды. Сонымен бірге байланыс сапасы нашар немесе мүлде жоқ 743 аумақтағы мәселе шешілген. Мобильді операторлар да инфрақұрылымды кеңейтіп, 12 қосарлы мақсаттағы тірек орнатқан.

Алайда ауылдарға интернет жеткізудің ең ауқымды бөлігі әлі алда. 2025 жылғы маусымда «Қазақтелекоммен» бюджеттен тыс 239 млрд теңгенің келісімі жасалды. Жоба толық іске асса, 2027 жылдың соңына дейін 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы тиіс.

Бұл шамамен 1,2 млн тұрғынға әсер етеді. Сонымен қатар 5,8 мың мемлекеттік нысан интернетке қосылады. Қазіргі кезде 12 ауылда оптикалық желі тартылып жатса, 340 елді мекен спутниктік интернетпен қамтамасыз етілген.

Инфрақұрылымды дамытуға халықаралық қаржы да тартылып отыр. Дүниежүзілік банктің қолдауымен құны 83,9 млрд теңге болатын жоба қолға алынған. Оның аясында тағы 1 123 ауылға талшықты-оптикалық желі жеткізу жоспарланған.

Жобаның ерекшелігі – интернетті тек ауылдың орталығына дейін жеткізу емес, оны үй шаруашылықтарына дейін апару. Есеп бойынша бұл бастама шамамен 2,3 млн адамды жоғары жылдамдықты байланыспен қамтуы мүмкін.

Ұялы байланыс бағытында да өзгеріс бар. 5G желісін дамыту барысында Қазақстанның 20 қаласында 3 618-ден астам базалық станса орнатылған. Операторлар өздеріне белгіленген бірқатар міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаған.

Ал ауылдық жерлерде басты назар 4G желісіне аударылып отыр. Халқы 250 адамнан асатын 3 807 ауылды 4G стандартына көшіру көзделген. 2026 жылдың алғашқы алты айында олардың 566-сы жаңа желіге қосылған.

Байланыс инфрақұрылымы ел аумағымен ғана шектелмейді. Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін суасты талшықты-оптикалық желінің құрылысын бастады. Оның өткізу мүмкіндігі секундына 6 Тбитке дейін жетеді.

Ел ішіндегі негізгі магистральдық желілер де кеңейтіліп жатыр. «Батыс – Шығыс» гипермагистралінің құрылысы 58 пайызға орындалып, 2 341 шақырым желі төселген.

Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы да аяқталуға жақын. 256 тірекке есептелген Tier III деңгейіндегі нысанның дайындығы 99 пайызға жеткен.

Бірақ цифрландырудағы басты мәселе енді интернеттің бар-жоғында емес, оның сапасында болуы мүмкін. Ауылға байланыс жеткізілгенімен, желінің тұрақтылығы, жылдамдығы және үйге дейінгі қолжетімділігі тұрғын үшін шешуші фактор болып қала береді. Сондықтан алдағы кезеңдегі негізгі көрсеткіш – қанша ауылдың «қосылғаны» ғана емес, сол ауылдағы тұрғындардың интернетті қаншалықты сапалы пайдалана алатыны.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл