Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Қазгидромет” мәліметінше, 27 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды облысы – Солтүстігі мен шығысында қар, оңтүстігінде аздаған қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Батысында, шығысында және орталығында тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында да желдің бағыты өзгеріп, түнде 15-18 м/с дейін күшейеді.
Талдықорған – Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы – Қар, көктайғақ, батысы мен солтүстік-шығысында қатты қар және бұрқасын болжануда. Оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, батысы мен солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтау қаласында күндіз қатты қар мен бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-18 м/с.
Қызылорда облысы – Солтүстігі мен орталығында жаңбыр аралас қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ болжануда. Жел шығыстан соғып, солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы – Батысы мен солтүстігінде қар, күндіз облыстың барлық аумағында қар мен бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы – Батысы, солтүстігі және шығысында қар мен жаяу бұрқасын болжануда. Орал қаласында да қар мен бұрқасын күтіледі.
Астана қаласы – Көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысы – Батысы мен солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, оңтүстігі мен шығысында тұман болжануда. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Абай облысы – Түнде қар, күндіз шығысы, оңтүстігі мен орталығында қар жауады. Батысы, солтүстігі мен орталығында бұрқасын, оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысы – Солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, батысы мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Көкшетау қаласында да түнде және таңертең желдің екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысы – Түнде қар мен жаяу бұрқасын, күндіз солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады. Батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Павлодар қаласында да қар мен бұрқасын күтіледі.
Риддер қаласы – 26 ақпан сағат 20.00-ден 27 ақпан 08.00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады.
Алматы облысы – 27 ақпан – 1 наурыз аралығында оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында да осындай жағдай болжануда. Қонаев қаласында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде 18-23 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысы – Қар, бұрқасын, оңтүстігінде көктайғақ болжануда. Күндіз солтүстігі мен шығысында қар мен бұрқасын күтіледі. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында қар мен жаяу бұрқасын болжанып отыр.
Түркістан облысы – Оңтүстігі, батысы мен таулы аймақтарында тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да түнде және таңертең тұман болжануда.
Жамбыл облысы – Таулы аудандарында қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Тараз қаласында кей уақыттарда тұман болуы мүмкін.