Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«3 млн теңге өтемақы төленеді»: Қаржы министрлігінің атынан жалған ақпарат тарады
Жаңалықтар

«3 млн теңге өтемақы төленеді»: Қаржы министрлігінің атынан жалған ақпарат тарады

12.02.2024
1 мин
0
670
Фото: stopfake.kz

Instagram-да Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі делінген сайт пайда болды. Онда 2024 жылғы 11 ақпанға дейін берілетін 3 млн теңгеден басталатын өтемақы туралы хабарландыру шыққан. Төлем сомасын білу үшін пайдаланушы ЖСН-ін енгізуі керек. Бұл жалған сайтты алаяқтар жасаған, деп хабарлайды Dauletten.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Төлемдер туралы ақпарат орналастырылған порталдың домені .com. Бұл қазақстандық ведомствоның ресми парақшасы емес, елімізде мемлекеттік органдардың барлық сайттары қазақстандық .kz доменінде орналасқан.

«ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның жалған сайтқа ешқандай қатысы жоқ екенін растады. Фишингтік сілтеме алаяқтық мақсатта жасалған веб-ресурсқа апарады. Онда шыққан өтемақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.

ҚР Қаржы министрлігі қазақстандықтардан сақ болып, күмәнді ресурстарда жеке деректерін қалдырмауын сұрайды. Сондай-ақ ведомствоның ресми порталында орналастырылған тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

«ҚР Қаржы министрлігінің атынан тараған өтемақы туралы хабарлама жалған, сілтеме бойынша өтпеңіз және осы сайтта жеке ақпаратыңызды бөліспеңіз», - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл