Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 703,8 млрд теңгеге 58 655 өтінім қабылданды. Оның ішінде 413,97 млрд теңгеге 34 362 қарыз мақұлданды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталмыш бағдарлама бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 107,9 млрд теңгемен алдыңғы орында. Алматы қаласы бойынша 5 492 өтінім расталған. Шымкентте 20,1 млрд теңгеге «7-20-25» бағдарламасымен баспана алынды.
Еске сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы арқылы тек алғашқы нарықтағы үйлерді алуға болады. Жылдық 7%-тік мөлшерлемемен, алғашқы жарна баспананың 20% мөлшерінде қабылданады. Несиені 25 жылға дейін алуға мүмкіндік бар.Нұр-Сұлтан, Алматы (шекаралас аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 млн теңге, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңге және басқа өңірлер үшін 15 млн теңге белгіленген.