Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ОКҚ-дағы брифингте Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев биыл мектеп бітіру салтанаттары өткізілмейтінін хабарлады, - деп жазады Dauletten.kz.
Қазақстан мектептерінде 4 млн-ға жуық оқушы бар. Биыл 9-сыныпты 364 мыңнан, 11-сыныпты 17 мыңнан астам түлек тәмамдайды. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 1–10-сыныптар үшін сынып сағаты 23 мамырда өтеді. 11-сынып мерекесі мектеп шешіміне қарай 23 немесе 24 мамырда өз ғимаратында ұйымдастырылады, ал аттестаттар 18–20 маусымда табысталады.
Маңғыстаудағы брифингте түлектер қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке арналған шектеулер тізімі айтылды. Тыйым салынады:
1. Ата-аналардан ақша жинауға;
2. Аниматор, мерекелік агенттік шақыруға;
3. Мұғалімдерге сый-сияпат жасауға;
4. Банкет өткізуге, көлік жалдауға;
5. Қоғамдық орындарда серуендеуге;
6. Мерекені кафе, мейрамхана, ойын-сауық орталығында өткізуге.
Табиғатқа шығу үшін: мектеп бұйрығы, ата-ана хаттамалық келісімі және полицияға маршрут жөнінде хабарлама қажет. Сапарға жауапты мұғалім, медқызметкер, полицей қоса барады; көлік техникалық тексерістен өтеді.
23 мамырда әр мектепті полиция қызметкері күзетеді, бейнебақылау күшейеді, профилактикалық нұсқаулықтар жүргізіледі. Түнде жасөспірімдерге рейд жасалып, дүкен-кафелерге кәмелет жасына дейінгілерге алкоголь сатуға тыйым қатаңдатылған.
Өрт қызметі:
Ұйымдастырушыларда өрт сөндіру құралдары болуы және жауапты кезекшілік қойылуы тиіс. Төтенше жағдайда 101 не 112-ге хабарлау керек.
Министрлік өкілдері мерекенің салтанатты, қауіпсіз әрі ата-аналар үшін шығынсыз өтуі қажет екенін атап өтті. 9-сынып емтиханы 29 мамыр – 10 маусым, 11-сыныптікі 30 мамыр – 16 маусым аралығында өтеді.