Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
17–19 мамырда еліміздің екі ірі қаласында ауа райы күрт өзгереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аномальді ыстықтан кейін алдағы күндері Астана мен Алматыда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының ауа райы
17 мамыр – Айнымалы бұлтты, күннің екінші жартысында найзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Түнде +19…+21 °C, күндіз +31…+33 °C.
18 мамыр – Айнымалы бұлтты, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай соғады. Күндіз күшті жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +14…+16 °C, күндіз +17…+19 °C.
19 мамыр – Айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел – солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +7…+9 °C, күндіз +17…+19 °C.
Алматы қаласының ауа райы
17 мамыр – ауа райы жылы болады деп болжанады. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +20…+22 °C, күндіз +35…+37 °C.
18 мамыр – ауа райы нашарлайды. Күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болуы мүмкін. Жел – батыстан және солтүстік-батыстан 3–8 м/с соғады, найзағай кезінде екпіні 18–23 м/с-қа дейін болады. Түнде +22…+24 °C, күндіз +26…+28 °C.
Назар аударыңыз – ауа райы күрт өзгеруі мүмкін.
19 мамыр – айнымалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, найзағай кезінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +15…+17 °C, күндіз +20…+22 °C.
Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел және шквал болатынын хабарлаған болатын. Тек Батыс Қазақстан (17-18 мамыр), Қарағанды (17 мамыр), Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында ғана құрғақ ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады.