Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ІІМ Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды
Жаңалықтар

ІІМ Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды

04.07.2025
мин
0
68
Сурет: Polisia.kz

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шет елге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған. Бұл оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады.

Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды. Қазіргі уақытта қазақстандық аруды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл оқиға адам саудасымен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Лион қаласындағы Интерпол штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен барған еді. Сапар барысында халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ Қазақстан Интерполдың адам саудасына қарсы "Либертерра II" операциясына қосылды. Аталған операция барысында Лаос еліне жұмысқа тұру мақсатымен барып, бірақ еркінен тыс ұсталған тағы бір қазақстандық қыз құтқарылып, елге қайтарылды.

Шетелдегі қазақстандықтарды қорғау жұмысы жалғасуда және бұл мәселе ІІМ-нің ерекше бақылауында. Полиция еңбек құлдығы шетелдегі жұмыс туралы "тартымды" ұсыныстардан басталуы мүмкін екендігін ескертеді. Әрдайым жұмыс беруші туралы ақпаратты тексеріп алыңыз, ресми дереккөздерден ақпарат жинаңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл