Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев eGov жүйесінің келешегіне қатысты ресми пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, eGov жүйесі ресейлік «Сбер» компаниясына беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
– Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн түрде қолжетімді. Сондықтан азаматтардың eGov жүйесіне қолы жетпей қалады деу – мүлде негізсіз. Бұл – халыққа мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін аса маңызды жүйе. Бұл ақпаратты кім таратқанын білмеймін, бірақ ресми түрде мәлімдеймін: eGov өз жұмысын жалғастыра береді. Оны ешқандай ресейлік компания басқара алмайды, – деді министр.
Еске сала кетейік, 2021 жылы цифрлық даму министрлігі Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясының шешімін таңдағанын хабарлаған болатын. Ол кезде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бірыңғай платформаға біріктіру көзделген еді. Ведомство мәліметінше, жобаны іске асыруға үш-бес жыл қажет болады деп жоспарланған.