Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандағы шағын және орта бизнес енді қаражатқа жылдам әрі оңай қол жеткізе алады. ForteBusiness үш жұмыс күні ішінде 300 миллион теңгеге дейін қаржы алуға мүмкіндік беретін жаңа несиелік өнімін іске қосты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Банктің мәліметінше, бұл өнім шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған. Кәсіпкерлер бұл несиені түрлі мақсаттарға пайдалана алады: айналым қаражатын толықтыруға, инвестицияға немесе басқа банктердегі несиелерін қайта қаржыландыруға.
Уақыт үнемдейтін шешім
Жаңа ұсыныстың басты ерекшелігі — өтінімдерді қарау уақытының қысқалығы. Әдетте нарықта несие рәсімдеу бірнеше аптаға созылса, ForteBusiness өтінімді небәрі 3–5 жұмыс күні ішінде қарап, шешім қабылдайды.
- Уақыт – бизнестегі ең қымбат ресурс. Біз кәсіпкерлерге анықтама жинап, апталап күтудің орнына, жылдам шешім қабылдауға жол ашатын өнім әзірледік, – дейді ForteBusiness өкілдері.
Қарапайым рәсім, аз құжат
Несие алу процесі барынша жеңілдетілген. Енді кәсіпкерден құжаттардың толық пакетін жинау талап етілмейді — растайтын бір ғана құжат жеткілікті. Банк мәліметінше, өтінім беру процесі қаржы саласында тәжірибесі жоқ кәсіпкерлерге де түсінікті болатындай етіп жасалған. Сондықтан бухгалтер немесе кеңесшінің көмегіне жүгіну міндетті емес.
Кімдерге қолжетімді?
Несие өнімін Қазақстанда тіркелген барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер пайдалана алады. Әсіресе бөлшек сауда, сұлулық салондары, қоғамдық тамақтану орындары, шағын өндіріс және қызмет көрсету саласындағы микро және шағын бизнеске ерекше басымдық беріледі. Несие алу үшін кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік қажет. Егер кәсіпкердің кепілдігі жеткіліксіз болса, "Даму" қорының кепілдігін қолдануға мүмкіндік бар.
Жеке тәсіл мен жан-жақты қолдау
Тағы бір маңызды артықшылығы — әр клиентке жеке көзқарас. Банк түрлі бизнес бағыттарының ерекшелігін ескере отырып, өтінім беруден бастап қаржы алғанға дейін кәсіби кеңес пен қолдау көрсетеді.
ForteBusiness өкілдерінің айтуынша, бұл бағдарлама Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қазіргі қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған. Бүгінде кәсіпкерлерге түсінікті әрі жедел қаржыландыру тетіктері ауадай қажет.