Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Байқоңырдан “Союз-2.1а” зымыраны ұшырылды
Жаңалықтар

Байқоңырдан “Союз-2.1а” зымыраны ұшырылды

04.07.2025
1 мин
0
147
Сурет: видеодан скрин

Байқоңырдан "Союз-2.1а" зымыраны "Прогресс МС-31" жүк кемесімен сәтті ұшырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылғы 4 шілдеде Астана уақытымен 00:32-де Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан "Союз-2.1а" зымыраны жүк тасымалдаушы "Прогресс МС-31" кемесімен бірге сәтті ұшырылды. Бұл кеме Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) 2,6 тоннадан астам жүк жеткізеді.

"Прогресс МС-31" кемесі станцияға:

    •    950 кг отын – орбитадағы жанармай қорын толықтыруға,

    •    420 кг ауыз су,

    •    50 кг азот – станция ішіндегі қысымды ұстап тұруға,

    •    1 205 кг құрғақ жүк – азық-түлік, дәрі-дәрмек және экипажға қажетті санитарлық құралдар жеткізеді.

Ғарыш кемесі сондай-ақ бірнеше ғылыми эксперимент жүргізуге арналған жабдықтарды алып барады. Олардың қатарында:

    •    "Фуллерен",

    •    "Биодеградация",

    •    "Биополимер",

    •    "Импульс",

    •    "Виртуал",

    •    "Мираж" сынды жобалар бар.

Бұл зерттеулер ғарыштағы материалдардың төзімділігі, биологиялық жүйелердің жұмыс істеуі және адам ағзасының ұзақ мерзімді миссиялардағы күйін зерделеуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл