| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда «Boxy Wealth» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасының жолы кесіліп, іс сотқа жолданды. Салдарынан ондаған адам миллиондаған теңгесінен айырылған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Boxy Wealth» жобасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір жыл бойы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған.
Жоба интернет сайттар мен мессенджерлер арқылы жүргізілген. Азаматтарға әртүрлі «инвестициялық пакеттерді» сатып алу ұсынылып, тәулігіне 5–10 пайыз көлемінде табыс табуға мүмкіндік бар екені айтылған. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус қарастырылған.
Салымшылардан жиналған қаражат дропперлердің банктік шоттары арқылы қабылданып, кейін криптовалютаға аударылған.
Нәтижесінде 78 адам жалпы сомасы 110 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылған.
Күдікті қамауға алынды. Сот шешімімен оның жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.