| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт құбылып, көктайғақ, қар, жаңбыр және тұман күтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Астана мен Көкшетау қалаларында көктайғақ болуы мүмкін.
Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында қар мен жаңбыр аралас қар жауады деп болжануда.
Ал Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында жаңбыр күтіледі.
Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде тұман түседі. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.
Осыған байланысты тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстану ұсынылады. Әсіресе, жүргізушілерге жолда жылдамдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтау маңызды.