| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзған 24 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 7 қараша күні Ақтау қаласындағы 17 және 18А шағынаудандары арасындағы автожолда, «Халық Арена» спорт мектебінің маңында болған.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтап, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісіне қатысты тексеру жүргізді. Нәтижесінде оның бірден үш әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені белгілі болды.
Атап айтқанда, жүргізушінің ұсақ бұзақылық жасағаны, көлік құралын басқару құқығы болмағанына қарамастан рөлге отырғаны және міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлікті басқарғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434, 612 және 590-баптарына сәйкес шаралар қабылданды.
Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал автокөлік мамандандырылған айыптұраққа жеткізілді.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Заң талаптарын елемеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.