Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында жерлесіміз Жәмилә Бақбергенова қола жүлде алды, деп хабарлайды Dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Балуан қыз 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Үшінші орын үшін бәсекеде польшалық Наталья Сразалканы 4:1 есебімен жеңді.
Бұл 27 жастағы елордалық спортшының дүние жүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.
Айта кету керек, Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).
Астана қаласының балуаны чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды.
Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта күресетін болады.
Жалпы Сербия астанасындағы балуандар додасы 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы өзара мықтыны анықтап жатыр.