Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бақылаусыз жүріп келе жатқан жолаушыларға толы автобусты тоқтатып үлгерген 8-сынып оқушысын марапаттады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада 219-автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, рульді басқара алмай қалған еді. Қоғамдық көлікте болған Ақжол есімді жас бала тез қимылдап, тежегішті басып үлгерген.
Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.
«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жасқа үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз», - деді әкім.