Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«ALMA CUP» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН  ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

«ALMA CUP» ҚАЛАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

10.12.2022
мин
0
904

Бүгінде футбол - әлемнің назарын өзіне аударған, үлкен бизнес құралына айналған маңызды спорт түрлерінің бірі. Стадиондар мен теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын миллиондаған жанкүйерлердің  қызығушылығы күн сайын артуда. Қазақ футболы 1915 жылдан бастау алады. Ең алғашқы қазақстандық клуб Семейде құрылды оның атауы «Жарыс» деп аталды. Тәуелсіздік жылдарынан кейін Қазақстанда футболдың дамуы қарқыны айтарлықтай арта түсті. Бұл Қазақстан Футбол Федерадциясының құрылып, елімізде футбол командаларының қалыптасуына, олардың әлемдік аренада ойындарға шығуына қарқынды әсер етті.

Қазіргі кезде отандық  футбол клубтары айтарлықтай көп. Мысалы: Қайрат, Астана, Ақтөбе, Тобыл ФК т.б. Осыған дейін футбол клубтарымыз Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде ойнады. Жыл сайын елімізде біріншіліктер өтіп тұрады. Биыл жылғы футболдан Қазақстан премьер лигасының чемпионы Астана ФК Еуропа чемпионадар лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен болатын. Алдағы уақытта Қазақстанда футболдан көптеген халықаралық турнирлерде топ жаратын командалардың қалыптасуына елімізде ұйымдастырылатын кіші турнирлердің септігі орасан екендігі сөзсіз. 

Осы орайда, 2022 жылдың 8 желтоқсан күні  Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен әр түрлі санаттағы Алматы жастары арасында «Alma CUP 2022» қалалық чемпионаты бастау алды. Турнирге 14 пен 29 жас аралығындағы қызығушылық танытқан кез келген жастар қатысуға мүмкіндік алды. Турнир 4 спорт түрі бойынша өтуде: футбол, баскетбол, волейбол және киберспорт. 

Қалалық чемпионаттың ашылу салтанатынан кейін «Достық» әмбебап спорт кешенінде жастар арасында футзалдан турнир басталып кетті. Футзал турниріне барлығы 100-ге жуық өтінім келіп түсті, солардың ішінен 32 үздік команда іріктеліп алынды. Олардың ішінде ЖОО студенттерінен құралған 14 команда, колледж білім алушыларынан - 5 команда, әскери академиядан 2 команда, ал қалған 11-і әуесқой командалардан жинақталды. Олардың арасында «Жайдарман», «Картоп ТВ», Базар жастары, «Магнум» және «Отбасы банкі», «Француз үйі» қызметкерлері, сонымен қатар «Экспресс К» журналисттерден құралған командалар өзара бақ сынасты.  Чемпионатқа қатысушы құрамды іріктеу кезінде ең негізгі талап өтініштің келіп түсу реттілігі болды, сонымен қатар барлық санат пен әр түрлі топтағы жастардың қамтылу ескерілді. 

Турнирдің алғашқы күні аталған командалар жеребе арқылы 16 жұпқа бөлініп, кездесу ойындары өткізілді. Ойындар футзал ережесіне сәйкес олимпиадалық жүйемен жүргізілді. Жеңіске жеткен 16 команда келесі күні плей-офф кезеңін бастады. Барлық ойындарға арнайы шақыртылған футбол лигаларының үздік спорт шеберлері, 1-дәрежелі, тәжірибелі төрешілер - Губашев Алиби, Губашев Ален және Жасыбай Ерсулан төрелік етті. 

Командалар әрбір ойында барын күштерін салып ойнады, бұл турнирге қаланың ең  үздіктері қатысып отырғандығын дәлелдеп отырды. «Бақ шапты ма, бап шабты ма», жартылай финалға жолдама алған командалар қатарына Тұран университетінің құрамасы, «Қайрат Жастар» командасы, Satbayev University құрамасы және FC Kartop командалары енді. 

Ойын туралы Картоп командасының капитаны Қапан Талғат: «Ойын жайлы айта кетсем, ALMA CUP турнирі үлкен деңгейде өтуде. Осы турнирге жиналған сы турнирге жиналған 32 команданың барлыңы бір біріне асып түседі, мықтылар. Осындай турнирлер осы жылмен шектеліп қалмай, жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп отырса. Себебі, жастарға арналған ЖОО арасындағы ҰСЛ лигасы жылына бір рет қана ұйымдастырылады. Ал әуесқой командаларға арналған МФЛ, ЛФ лигалары бар, бірақ жиі өткізілмейді, сондықтан бір реттік атаулы турнирлер көбірек болса, жаңа командаларға да мүмкіндіктер де көбейеді» - деді.

Тұран университеті құрамасының ойыншысы Нурумов Асхад: «Командамыз үшін осы турнир жақсы өтуде. Себебі біз өзіміз ойлағаннан да жақсы ойнап, қазір үшінші орынға таласып жатырмыз. Турнир ұйымдастырушылары Алматы студенттер альянсына үлкен рақмет, жоғары деңгейде, осындай залда мықты командалармен, әділ төрешілермен ойнаған бізге де мақтаныш» - деп өз ойын білдірді.

Алғашқы жартылай финалдық кездесу «Қайрат Жастар» мен Тұран университетінің құрамасының арасында өтіп, командалар негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Ойын соңындағы пенальти нәтижесі бойынша, «Қайрат Жастар» командасы финалға өтті. Ал Satbayev University мен FC Kartop командалары арасындағы жартылай финалдық кездесу де өте тартысты ойын болды. Ойын FC Kartop командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 3-орынға талас додасы Тұран университетінің құрамасы мен Satbayev University құрамасының арасында өте отырып, нәтижесінде Тұран университетінің құрамасы 1:0 есебімен жеңіске қол жеткізді. Шешуші финалдық кездесуде Қайрат Жастар мен FC Kartop командалары өте тартысты, әрі жоғары қарқынды ойын көрсетті. Дегенмен, негізгі уақытта командалар қарсыластарының қақпасынан саңылау таба алмай, жеңімпаз тек ойын соңындағы пенальтиде белгілі болды. «Пенальти - лотерея секілді», осы жолы Қайрат Жастар командасының асығы алшысынан түсіп, қақпаға 4 гол соға отырып, жеңіске жетті. Осылайша, «Қайрат Жастар» командасы – «ALMA CUP» қалалық чемпионатының футбол турнирінің чемпионы атанды. 

Барлық жеңімпаздар 20 желтоқсан күні кубоктармен, арнайы медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталатын болады. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл