Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары басталуына байланысты, Астана әуежайы 1 мамырдан бастап түнгі рейстерді қабылдамайды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты 2024 жылғы 1 мамырдан бастап, жұмыс аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау мен ұшу тоқтатылады», – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар қосымша ақпарат алу үшін әуе компанияларына хабарласуы керек.
Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылуы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл әуежайдың транзиттік әлеуетін және ұшу қауіпсіздігін арттырып, жүк рейсін көбірек қабылдауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында Астана әуежайы Terminals Holding компаниясының басқаруына берілді.