| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйі өртенуіне қатысты істі тергеу барысымен бөлісті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, бұл іс бойынша соталды тергеу әлі жалғасып жатыр.
- Кең ауқымды сараптамалар жүргізілді деп айта аламын. Бұл сараптамалар бойынша белгілі бір нәтиже бар. (...) Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жібердік, - деді Қойгелдиев Сенатта өткен брифингте.
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тәртіп сақшылары өрт шыққан күні үй маңында қандай көліктер тұрғанын спутник арқылы анықтамақ.
- Сондықтан бұған азғантай уақыт керек, - деді Қойгелдиев.