Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 – 512 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 7 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 507,2 теңге. Еуро 557 — 564 теңге аралығында құбылып тұр.
Елордада долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 555 теңгеден сатып алынып, 565 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,85 - 6,00 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 4 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге қымбаттап, 504,34 теңге болған.