Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда әскери қызметке шақырудың жаңа тәртібі күшіне енді. Бұдан былай шақырту қағазы бұрынғыдай қолма-қол емес, 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы жолданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа заң жобасы көшеден немесе басқа қоғамдық орындардан азаматтарды мәжбүрлеп алып кетуге тыйым салады. Алайда шақырту алған азамат әскерге келмесе, жауапкершілік қарастырылған.
Көктемгі және күзгі шақыру науқандарында қандай өзгерістер бар? Осы және басқа сұрақтарға жауап берген – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Дәуренбек Шегебаев.
– Дәуренбек Сұлтанбекұлы, жаңа тәртіптің негізгі өзгерістерін түсіндіріп берсеңіз.
– Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” заңның 31-бабына сәйкес, Президент Жарлығы мен Үкімет қаулысы негізінде әскерге шақыру жылына екі рет өтеді: көктемгі шақырту – наурыз бен маусым аралығында, ал күзгі – қыркүйектен желтоқсанға дейін.
Биылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған заң бойынша негізгі өзгерістер мынадай:
– Шақырту алған азамат не істеуі керек? Әскери бөлімге қашан баруы тиіс?
– Хабарлама алған азамат онда көрсетілген күні мен уақытта жергілікті әскери басқару органдарына келуі қажет. Алдымен медициналық тексеруден өтеді. Денсаулығы жарамды болса, шақыру комиссиясының шешімімен әскерге алынады. Комиссия әкімдіктер жанынан құрылады.
Мерзімді әскери қызметке тек денсаулығы мықты, психологиялық және моральдық тұрғыдан жарамды, сотталмаған азаматтар алынады. Әскери комиссариаттар бұл мәліметтерді денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жинайды. Қызметті кейінге шегеру немесе босатуға қатысты талаптар заңның 35 және 36-баптарында көрсетілген.
– Ал шақыртуға келмеген немесе әскерден қашқан азаматтарға қандай жаза қарастырылған?
– Егер азамат белгіленген мерзімде әскери басқару органына келмесе, ол Әкімшілік кодекстің 647-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ал әскерден әдейі жалтарған жағдайда, Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жаза көзделген: 1000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Айта кетейік, биыл еліміз бойынша 42 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. Көктемгі шақырту науқаны жоспарлы түрде жүріп жатыр, ал күзгі кезең 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Тағы көру