| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жұма күнгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 4,89 теңгеге өсіп, 494,66 теңгеге жетті. Ал Ұлттық банктің бекіткен ресми курсы 489,17 теңгені құрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Kurs.kz дерегінше, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар шамамен 495,64 теңгеден қабылданып, 498,92 теңгеден сатылуда. Еуроның бағасы 582,14–587,48 теңге аралығында. Ресей рублі 6,38–6,49 теңге шегінде саудаланса, Қытай юані 69,60 теңгеден сатып алынып, 72,71 теңгеден сатылып жатыр.
Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды 493,00 теңгеден сатып алып, 500,01 теңгеден ұсынуда. Еуро 579,00 теңгеден қабылданып, 589,00 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,35–6,65 теңге аралығында. Ал юань 71,30 теңгеден сатып алынып, 75,51 теңгеден сатылып жатыр.