| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Валюта нарығында доллар мен еуро бағасы төмендеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллар бағамы төмендеді. Орташа есеппен доллар 0,45 теңгеге арзандап, 496,85 теңгеге жетті. Ал Ұлттық банк ресми бағамды 497,33 теңге деп жариялады.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 496,61 теңгеден сатып алып, 498,97 теңгеден сатуға болады. Еуро 584,77–589,37 теңге аралығында, ресей рублі 6,37–6,47 теңге, ал қытай юані 70,04–73,05 теңге деңгейінде саудаланады.
Астанада доллар 494–501 теңге аралығында, еуро 581–591 теңге, рубль 6,25–6,55 теңге, юань 71,59–75,83 теңге шегінде айырбасталады.