| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
5 сәуірден 31 мамырға дейін Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы күн сайын 10:00–18:00 аралығында жоспарлы жөндеуден өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жөндеу жұмыстары әуежай инфрақұрылымын, соның ішінде жарық-сигналдық жүйелерді қалыпты жағдайда ұстауға және ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Осы уақыт ішінде барлық халықаралық және ішкі рейс кестеге сәйкес өзгертілді.
- Жұмыстар жүргізілетін уақыт аралығында орындалатын барлық халықаралық және ішкі тұрақты рейстер тәуліктің ертерек немесе кешірек уақытына ауыстырылды. Рейстер кестесіндегі өзгерістер авиакомпаниялармен және уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген. Әуежай уақытша шектеулерден тыс кезеңде штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген ақпаратта.
Жолаушыларға өз рейстерінің нақты уақытын авиакомпаниялардан тексеру ұсынылады.