Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биылғы конкурсқа 113 мыңға жуық талапкер қатысып, олардың ішінен 77 мыңнан астамы грант иегері атанды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың өтінішке артық.
Гранттардың 60%-ы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді. Бұл шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың басым салаларына қажетті кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмасы аясында қабылданды.
"Серпін" бағдарламасы аясында 2 мыңнан астам талапкер еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі университеттерде білім алуға мүмкіндік алды.
Алғаш рет мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан жастарға 2 010 грант бөлінді. Бұл бастама – олардың жоғары білім алуына жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар:
• Әлеуметтік осал топтарға квоталар сақталды;
• Олимпиада және спорт жарыстары жеңімпаздарына гранттар конкурссыз берілді;
• Сараланған гранттар саны – 300 (конкурс қыркүйекте өтеді);
• "Келешек" жинақ жүйесі іске қосылды – балаға ерте жастан білім қорын құруға мүмкіндік береді.
Грант нәтижелерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық көздерінен https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim/10854, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан www.testcenter.kz білуге болады.
Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының https://grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.
Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мерзімі – 25 тамызға дейін.