Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақ күнтізбесі бойынша жыл он екі айдың үшінші айы — мамыр айы. Көктемнің соңғы айында неше күн демаламыз? Dauletten.kz сайты айтып береді.
Мамыр айында Қазақстанда үш бірдей мемлекеттік мейрам тойланады:
• 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі);
• 7 мамыр – Отан қорғаушыларға арналған күн (сәрсенбі);
• 9 мамыр – Жеңіс күні (жұма).
Аталған мейрамдар жұмыс күндеріне сай келетіндіктен, әдеттегі демалыс күндеріне қосымша тынығу күндері беріледі.
2025 жылы 1 мамырда қалай демаламыз?
Бес күндік жұмыс кестесіне сай:
• 28, 29, 30 сәуір – жұмыс күндері;
• 1 мамыр (бейсенбі) – мерекелік демалыс;
• 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
• 3 және 4 мамыр – сенбі мен жексенбі, демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс тәртібімен:
• 28, 29, 30 сәуір – жұмыс істейтін күндер;
• 1 мамыр – мейрамға орай демалыс;
• 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері;
• 4 мамыр – жексенбілік демалыс.
7 және 9 мамырда қалай демаламыз?
Аптаның ортасында – Отан қорғаушылар күні, ал апта соңында – Ұлы Жеңіс күні аталып өтеді.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
• 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері;
• 7 мамыр (сәрсенбі) – мерекелік демалыс;
• 8 мамыр (бейсенбі) – жұмыс күні;
• 9 мамыр (жұма) – мейрамдық демалыс;
• 10 және 11 мамыр – әдеттегі демалыс күндері.
Алты күндік кестедегілерге:
• 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері;
• 7 мамыр – мерекеге байланысты тынығу күні;
• 8 мамыр – жұмыс күні;
• 9 мамыр – демалыс;
• 10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні;
• 11 мамыр – жексенбі, демалыс күні.
Демалыс күндері өзгертіле ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, мамыр айында демалыс күндерін басқа күнге ауыстыру көзделмеген. Соның ішінде, 11 мамырды 8 мамырға ауыстыру да жоспарланбаған.
Соынмен бес күндік жұмыс режимінде жүрген азаматтар мамыр айында жалпы 12 күн тынығады. Бұл айда олар 19 күн еңбек етеді.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалып, 23 күн жұмыс істейді.