| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы 2027 жылы саяхаттауға ұсынылатын әлемнің үздік 20 бағытының бірі ретінде танылды. Британдық BBC Travel басылымы жариялаған тізімде Қазақстанның ең ірі қаласы Орталық Азиядан жалғыз болып орын алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Халықаралық басылым Алматының туристерге ұсынар мүмкіндіктеріне ерекше назар аударған. Атап айтқанда, қаланың заманауи мәдени өмірі, ұлттық тағамдары мен дәстүрлі қолөнері шетелдік саяхатшылар үшін қызықты екені айтылған.
Сондай-ақ туристер міндетті түрде көретін орындар қатарында Almaty Museum of Arts музейі мен «Целинный» мәдениет орталығы аталған. Ал The Spirit of Tengri фестивалі қаланың мәдени ерекшелігін танытатын маңызды іс-шаралардың бірі ретінде көрсетілген.
Айта кетейік, BBC Travel ұсынған тізімге Алматыдан бөлек Франция, Италия, Канада және Жаңа Зеландиядағы танымал туристік бағыттар да енген.