455
498.77
5.56
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Жаңалықтар

Президент ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

20.11.2026
0 мин
0
153
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Марапатталғандар қатарында шаруа қожалықтарының басшылары, агроөнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен еңбек адамдары бар.

«Парасат» орденімен Батыс Қазақстан облысындағы «Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы Бейбіт Асанов пен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласының ардагері Бақыт Нұртазаев марапатталды.

II дәрежелі «Достық» ордені Ресей Федерациясының азаматы, «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы әрі президенті Александр Рудаковқа берілді.

«Құрмет» орденіне Атырау облысындағы «Достан Ата» шаруа қожалығының басшысы Сейітжан Балжігітов, Ақтөбе облысындағы «Айс-плюс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов, Қостанай облысындағы «Бижан» шаруа қожалығының басшысы Қайырбай Мақатов және Алматы облысындағы «Агро Балтабай» ЖШС малшысы Ислам Хуршудов ие болды.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Алматы облысындағы «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы Рүстем Ахметжанов, Ұлытау облысының жылқышысы Мәкіш Әменов, Ақмола облысындағы «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы Виктор Клишин және Павлодар облысындағы «Меңдеш» шаруа қожалығының механизаторы Қуандық Темірбаев марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Абай облысындағы «Дәурен» шаруа қожалығының зоотехнигі Дәурен Әбдірайымов, Түркістан облысындағы «Өтепберген» шаруа қожалығының түйе өсірушісі Өтепберген Әбсәттар, Ақмола облысындағы «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтушісі Әлия Қапарова және Маңғыстау облысындағы «Шалқар» шаруа қожалығының аға бақташысы Бауыржан Сейдахметов наградталды.

Сонымен қатар «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Жамбыл облысындағы «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленовке, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС директоры Сергей Звольскийге, Қарағанды облысындағы «Қайнар» ЖШС директоры Сейітжапар Нығметовке және Жетісу облысындағы «Егемендік» шаруа қожалығының басшысы Жұмаш Тезекбаевқа берілді.

Осылайша, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға, аграрлық сектордың өркендеуіне және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі мемлекеттік деңгейде бағаланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл