455
498.77
5.56
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Тоқаев Қазақстанда ауқымды өзгерістер болатынын айтты
Жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Тоқаев Қазақстанда ауқымды өзгерістер болатынын айтты

20.11.2026
0 мин
0
203
Сурет: Ақорда

Қазақстанда емханалар, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент форум барысында ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы стратегиялық маңызына тоқталып, сала еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысының айтуынша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биыл елімізде 24,5 миллион тонна дақыл жиналған.

– Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі. Бұл – еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз. Мен бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елімізде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіледі

Президент биылғы Жолдауында айтылған «Халықтық құрылыс» бағдарламасына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, алдағы уақытта Қазақстанның барлық өңірінде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтереді.

Атап айтқанда, емханалар, ауруханалар, балабақшалар, мектептер, мәдениет және спорт ғимараттары салынады. Сонымен қатар сапалы жолдар төселіп, атом, су және электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары бой көтереді.

– «Халықтық құрылыс» халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл бастаманың келешек ұрпақтың игілігі үшін қолға алынған жалпыұлттық міндет екенін атап өтті. Бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым да салынады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе артқан

Форумда Мемлекет басшысы аграрлық сектордың соңғы жеті жылдағы нәтижелеріне де тоқталды.

Осы кезеңде елімізде азық-түлік өндірісі 28 пайызға өскен. Жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 1 630 инвестициялық жоба іске қосылған.

Ал агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты екі есеге ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтаған. Оның ішінде өңделген өнімдердің үлесі 52 пайызға жеткен.

Президент былтыр елімізде соңғы жиырма жылда алғаш рет ауыл шаруашылығына қатысты ұлттық санақ жүргізілгенін де айтты. Цифрлық технологиялар қолданылған санақ нәтижесінде саланың нақты жағдайын көрсететін деректер жиналған.

Үкіметке ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді назарға алу тапсырылды

Жиында су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері де көтерілді.

Мемлекет басшысы форум қатысушылары айтқан ұсыныстарды Үкімет пен құзырлы министрлік міндетті түрде назарға алуы керектігін жеткізді.

– Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор. Басты міндет – қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, уақытты созбай, белсенді түрде жұмысқа кірісу керек, – деді Президент.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл