Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Жаңалықтар

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

05.05.2025
1 мин
0
105
Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Ержан Сүлейменов 1979 жылы дүниеге келген. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын “дәрігер” мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2003 жылы “Республикалық ЖИТС орталығында” ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Кейін түрлі медициналық мекемелер мен осы саладағы оқу орындарында бас маман, бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің жетекшісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2015-2017 жылдары Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2024 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін Global Health Solutions (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-да бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет атқарған.

Ол “Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі” төсбелгісімен және “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл