Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы — Өскемен тасжолында сұмдық жол апаты болды
Жаңалықтар

Алматы — Өскемен тасжолында сұмдық жол апаты болды

15.01.2025
1 мин
0
118
Сурет: видеодан скрин

"АлматыӨскемен" автожолының 28 шақырымында 18 көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді.

2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында "Алматы—Өскемен" автожолының 28 шақырым учаскесінде ("Алматы—Қонаев" бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Авария қалың тұман кезінде болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға болды. 

Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл