Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы жастары 5%-дық мөлшерлемемен баспаналы бола алады
Баспанаға бағыт

Алматы жастары 5%-дық мөлшерлемемен баспаналы бола алады

16.06.2020
1 мин
66
8721

Қалалық «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау туралы жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz "Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасына" сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын заемдарын алуға Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастарынан 2020 жылғы «22» маусымнан бастап «6» шілде аралығында Қалалық «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталуы жөнінде хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ, қала тұрғындарының ұсыныстарын назарға ала отырып, бағдарламаға өзгеріс енгізілді: қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы жөніндегі талап алып тасталынды. Сонымен қатар, алдыңғы қабылдауда Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болмауына байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қарастырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыра аласыздар. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.

Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:

  • Бюджет – 13 млрд. теңгеге дейін:
  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту - 1000 адам (02.03.2020 ж. және 16.05.2020 ж. аралығында өтініштер тапсырған азаматтардың өтініштерін есепке ала отырып).

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  2. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;
  3. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен сайттағы «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз).
  4. Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
66 Пікір
М
Мақсат 09.11.2020
Енді өтініш беруге кешпе
Жауап беру
И
Имашева Мария 28.10.2020
Мен катыса аламба жасым 49 да
Жауап беру
О
Отв 16.05.2022
Жазылып тұр емес пе 35 жасқа дейін, жасыңыз 35 те болса аламайсыз.
Жауап беру
А
Айжан 18.09.2020
Неге гос жұмыс жасайтындар,мұғалімдер деп жазбайсыз. Жай жұмыс жасайтындар ала алмайды екен осы үйді(((
Жауап беру
Е
Еркебулан 10.09.2020
Менын жасым 37 де катыса алам ба, басымда уйым жок
Жауап беру
Ж
Жанат 30.08.2020
Алматы облысы кіреді ма
Жауап беру
А
Айгул 24.08.2020
Отиниш калай беруге болады
Жауап беру
А
Айгул 24.08.2020
Мен отиниш бере аламба
Жауап беру
А
Айгул 24.08.2020
Мен жалгызбасты анамын мен отиниш бере аламба
Жауап беру
А
Акмарал 19.08.2020
Салеметсизбе мен көп балалы анамын пропискамнынын әр жерде болуына байланысты үй кезекке тура алмадым. Уйге өте муктажбыз. Айына кеткен квартира акшасын өз уйымызге толеп туратындай қандай бағдарлама бар. Жолдасымнын тұрақты жұмысы бар 5 % дық баспана болса бизге де көмек болар еди.
Жауап беру
А
Азима 07.08.2020
Оте жаксы менде арыз берсем деп едим Меним аты жоним Шалмуханова Азима куйеуим 2015 жылы кайтыс болып калды бес улым бар Сиздерден комек сурайын деп едим осы бес жыл ишинде ешкимге арыз тусирип корген жокпын А́киматка жер сурап барсам Берген жок Енди тек сизден умиттенип отрмын Алла разылыгы ушын жер уй алыуыма комектесип жибердиниз Бес улым бар Маган комектесер ешкимим жок аке шешем ол дуниелик болып Кетти Алла разылыгы ушын
Жауап беру
Э
Эльнара 31.07.2020
Сәлеметсіздерме, мен көп балалы анамын жасым 32-де осы бағдарламаға қатыса алам ба? Үй кезегіне тура алмадым прописка 3 жылга толған жоқ. Енді тағы ашылады осы бағдарлама?
Жауап беру
Г
Гулжаухар 20.07.2020
Актобеде кашан болады екен,осы багдарламаны кутипижкрмин
Жауап беру
А
Айдана 12.07.2020
Алматыда 5жыл болды жұмыс істеймін. Тұрақты жұмысым бар.Квартирада тұрамын. Тұрмыс құрғам жоқ. Пәтер алуға болама
Жауап беру
А
Айгерим 09.07.2020
Мен казир дакумент тапсыр сам болама
Жауап беру
Д
Дамира 01.07.2020
Алматы қаласында оқып бітірдім Ж.О.О. қазіргі таңда жұмыс жасап жүрмін, пәтер жалдап тұрамыз,, үй кезегіне қалай тұрамын, көмек ақпарат кеңес көрсетсеңіз
Жауап беру
М
Макпал 23.06.2020
Уйли бола аламба бир кызым бар квартирада турам
Жауап беру
Г
Гулжан 19.06.2020
Қызым студент жумыс истейді уй ала алама?
Жауап беру
М
Мадина 18.06.2020
ИП да жумыс истеймин,отиним бере аламын ба?
Жауап беру
А
Анель 17.06.2020
Отинимди кай жерден жиберемиз
Жауап беру
А
Айгерим 17.06.2020
16сынан кейын тапсыруга болмайдыма,улгермей калдын отыным беруге деп тур
Жауап беру
Н
Нурила 17.06.2020
Салеметсизбе прописка таразда болама
Жауап беру
А
Амина 17.06.2020
Временный прописка мен алуга Болама .?
Жауап беру
С
Салтанат 17.06.2020
Жолдасым да 35жастан аспауы керекпе?
Жауап беру
Ж
Жансая 17.06.2020
Туркестан обл.Кентау қаласынан істесе осылай уй алғым уелед менде
Жауап беру
А
Ақбота 17.06.2020
Алматы облысында тұрғандар бұл бағдарламаға қатыса алмайма
Жауап беру
Р
Руслан 17.06.2020
Менин букил талаптарына сай келип балым океан адамдардан да жогары болды. Тек жумысым сайкес болмады. Болип жармай жастарга мумкиндик беру керек.окинишке орай коби 7.20.25.корага киргизип жатыр
Жауап беру
Н
Нурия 17.06.2020
Неге 1000ак адам катыса алады. Аз гой. Айтпесе жаксы багдарлама екен
Жауап беру
16.06.2020
Мен kfs даистимин пенсионка журеди осы ган катыса алам ба?
Жауап беру
Г
Гүлжазира 16.06.2020
Неге басқа санаттарды қоспайды?
Жауап беру
Ұ
Ұлту 16.06.2020
Мен студентпін,менде мүмкіндік болмасы анық мен үшін неге десеңіз?-13млн-дай көлемде несие берілсе ,алғашқы жарна 10%екен ол 1.300.000тг болады екен!ондай ақшаны тауып беруге мүмкіншілігімболмайды екен!бірақ оқуымды бітіріп,Алла бұйырса жұмысқа кіріп,мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болуға міндетті түрде әрекет етемін!Мен мемлекеттің керемет мүмкіндіктер жасап жатқанына қуанамын!Әпкем мұғалім болып жұмыс жасайды,жасап жатқанына 3жыл болды.Екінші жылының өзінде баспаналы болды Мемлекеттің жасап беріп жатқан мүмкіндігін дұрыс пайдаланған жөн!уақытты талап етеді екен,Шыдамды болған адам міне менің әпкемдей баспаналы бола алады!тіпті қазір төлеп жүрген квартираның ақшасынан жартысынан аз мөлшерде беріп отырады екенсіз біз қатты қуандық!Сіздерде қорықпай батыл қадаммен үйлі болыңыздар!!!
Жауап беру
Г
Гүлжазира 16.06.2020
Сайтта 15 млн деп көрсетілген
Жауап беру
Д
Динара 16.06.2020
Сатып алу құқығынсыз үй болса қатыса алмайсызба
Жауап беру
Д
Динара 16.06.2020
Сатып алу құқығынсыз үй болса қатыса алмайсызба
Жауап беру
Г
Галия 16.06.2020
Неге шымкентке берилмейди 35 жаскадеин
Жауап беру
А
Асем 16.06.2020
Кешіріңіз сайт бойынша кірсем,баска тақырыпта тұр.Жалға берілетін уй дейді,жұмыс жасайтын жастарға 29 жасқа дейінгі 2 ж қалалық прописка .Тура осы тақырыпта қай сайттан отінім бере аламын
Жауап беру
А
Алмагуль 16.06.2020
Мен казир сауир айынан декретке шыккам ол калай болар екен пенсионкага катысамын
Жауап беру
Ш
Шырай 16.06.2020
Жасым 34-те ,пропискам Алматы қаласы,1-ай ғана болды карантинге байланысты жұмыстан шығып қалдым ,енді мен осы конкурсқа қатыса аламын ба?
Жауап беру
А
Алмагуль 16.06.2020
Алла осы уйден буйырстса екен, квартирага толегенше оз уйиме толесем
Жауап беру
А
Ақжайқын 16.06.2020
Мен өзім дәрігермін қазіргі таңда декреттемін үш балаларымыз бар,Алматы қаласында квартирада 4жарым жыл болды турып жатканымызга,жолдасымның жұмысы частный,үлкен қызымның инвалиднность бар жүрегіне операция жасалған өте күрделі но осы карантинге байланысты пенсиясы да тоқтап тұр біз өтініш жазуымызға болады ма?
Жауап беру
Г
Газиза 16.06.2020
Алматы каласынан патер алгымыз келеди
Жауап беру
А
Айдаров чингиз 16.06.2020
Жасым отызда уш балам бар калаи баспана алуга болат
Жауап беру
А
Асемгул 16.06.2020
Салеметсизба! Неге осы багдарлама Нур-султан да жок? 3 балам бар ешкандай санатка жатпаймыз, жаксымыз 34 ке толамыз.
Жауап беру
А
Анар 16.06.2020
Мен шілде айында 36 га толамын .Мен катыса аламын ба?
Жауап беру
Ш
Шынар 16.06.2020
Алматы Ж.катыстым отказ келды себебы жумыс орным АОО болгансон.
Жауап беру
А
Айжамал 16.06.2020
Менде 1000000 тенге бар калай уй алса болады
Жауап беру
Г
Гаухар 16.06.2020
Мендеги сурак уй 13млн 50%уйдин акша ретинде каралуга болама калганын озимиз 50%коссак общ 26млн уйге
Жауап беру
К
Кайсар 16.06.2020
Уйленгендерге ганама или бойдактарга да болады ма???
Жауап беру
С
Сегізбай 16.06.2020
Бул бағдарлама аяқталып кеткен жоқпа.
Жауап беру
Г
Галия 16.06.2020
Алматы каласында туракты тиркеуди алып тастаган болса жасы 29да талгар каласында тиркеуде еки баласы бар жолдасы жок жумысы алматы каласында .Катыса алаиа?
Жауап беру
М
Марал 16.06.2020
Шымкент каласында барма осы программа
Жауап беру
Л
Лунара 16.06.2020
Уррррааа, мен өттім. Білім саласының қызметкері ретінде. Енді тұрғын үй жинақ банкіне бару ғана қалды. Онда кезек.
Жауап беру
С
Самал 16.06.2020
Осы Бир программага илиннйин десем,доход пенсионка деп шыгады,50%бар акшанын ал ары карай мине тагы илине алмаймын,окиништи
Жауап беру
Б
Бота 16.06.2020
Бұл бағдарлама тек белгілі маман, гос.органда жұмыс істейтін жас отбасыларға арналған ба сонда?
Жауап беру
А
Аида 16.06.2020
Сәлеметсіз бе? Мен алматы жастарына өтініш қалдырғанмын. Бірақ менің өтіеішім
Жауап беру
А
Аида 16.06.2020
Сәлеметсіз бе?
Жауап беру
Ж
Жандос 16.06.2020
Нурсултан да болама осындай багдарлама
Жауап беру
М
Меруерт 16.06.2020
Мен ЖССБ счетым жок сонда қатыса алмаймын ба?
Жауап беру
А
Асель 16.06.2020
Күйеуим әскери жұмыста истеиди қатыса алама? 13 млн дейін ғана ма қазір ондай ақшаға үй келмеиди ғой? Вторичный үйлер болама?
Жауап беру
Н
Нагима 16.06.2020
уй алгым келеди алгашкы толем канша
Жауап беру
А
Айкерим 16.06.2020
Мысалы,мен Кызылорда облысында турамын,бирак,мен Алматы облысынан уй алгым келеди,маган уй алуга мумкиндик бар ма?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл