Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
29 шілдеден бастап жастар үшін жеңілдетілген тұрғын үйге несие алуға өтінім мен құжат қабылдау басталады. «Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу жобасына 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Өтінім 7 тамызға дейін қабылданады.
Мұғалім, дәрігер, мәдениет және спорт саласының қызметкері және т. б. бюджеттік мекемелердің мейлінше сұранысқа ие кәсіп өкілдері қарыз алуға үміткер бола алады. Жоба аясында ең кемі 1200 адам қамтылмақ.
Бағдарламаға қатысуға өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Анықтама үшін: +7 (727) 225 14 57. Мүмкіндікті мүлт жібермеңіз!