Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған қалалық бағдарламаның қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.
Осы жолы 1000 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарынан: мұғалімдер, медицина қызметкерлері, оқытушылар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері және тағы басқалары бар.
Қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 миллион теңгеге дейінгі сомаға 5% -бен жеңілдікті заем беріледі. Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы.
«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы туралы толығырақ ресми сайтынан білуге болады.