Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров брифинг барысында «Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарды айтып берді.
Оның айтуынша, «Алматы жастарына» қатысу үшін тұрақты тіркеу міндетті емес. Ең бастысы - мегаполисте жұмыс істесе болғаны.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушының жасы 35-ке дейін болуы керек.
Екіншіден үміткерде және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй, сондай-ақ Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлау фактілері болмауы тиіс.
«Сондай-ақ қатысушының Алматы қаласындағы денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, ЖОО мен ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары санаттары бойынша міндетті зейнетақы аударымы бар, кем дегенде соңғы 6 ай ішінде ресми жұмыс өтілі болуы керек. Алматы қаласында тіркелген, бір жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін жеке кәсіп иесі де қатыса алады, алайда аталған талап мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты»,- деді ол.
«Отбасы банк» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данагүл Түсіпованың айтуынша, іріктелген үміткерлерге сайттағы жеке кабинетте төлем қабілетін растау үшін жолдама беріледі.
Жолдама алған өтініш берушілерге 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілетін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
«Төлем қабілетін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үйді дербес таңдайды. Таңдалған тұрғын үйдің құжаттары тұрғын үй қарызын беру мүмкіндігін қарау үшін «Отбасы банкке» ұсынылады. Банк мақұлдауын алғаннан кейін сатып алу-сату шартын және кепіл шартын рәсімдеу және тіркеуді жүзеге асырады»,-деді Данагүл Түсіпова.