Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда "Ақкент" шағынауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде орын алған өртке байланысты Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен үй алдында жедел штаб құрылды. Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті енді.
Алматы әкімдігінің забарлауынша, жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді:
- Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтар мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;
- Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнеп шығу орындары ұйымдастырылды (178-ші лицейдің спорт залы мен қонақүй);
- Алматы қаласының Құтқару қызметі арқылы 250 орынға жиналмалы төсектер мен матрацтар ұйымдастырылды;
- Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
- Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттенді;
- Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
- Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507; 3989820
- Зардап шеккендерге уақытша тұратын орын ұсыну үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;
"Қазіргі уақытта барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Аудан әкімі А. Қалдыбеков пен барлық мүдделі қалалық және аудандық қызметтер оқиға орнында жүр. Қазіргі кезде жағдай тұрақты",- деп атап өтті қала әкімдігінен.
Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртеніп еді.