Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда қалалық студенттік «Jas Gala - 2024» фестивалі басталды
Жаңалықтар

Алматыда қалалық студенттік «Jas Gala - 2024» фестивалі басталды

06.04.2024
1 мин
1
314

Алматы қаласында қалалық студенттік көктем «Jas Gala - 2024» шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Дәстүрлі шараға Алматы қаласының ЖОО және колледж студенттері қатысты.

Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған айтулы шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен жүзеге жүзеге асырылуда.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамын қалыптастыру.

Фестивальге қаламыздың 30 ЖОО және 23 колледжінен барлығы 2000-нан астам өтінім қабылданды.

Бір айға созылатын фестиваль барысында қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспапық орындау, театр бағыттары бойынша бақтарын сынайды. Фестиваль аясында қатысушыларға өнер майталмандарының қатысуымен мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады. Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңгені құрайды.

Шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары Азиз Оралбекұлы ашып, қатысушыларға өзінің ізгі тілегін білдірді.

«Құрметті бүгінгі ашылуға қатысып отырған қонақтар, осымен үшінші жыл қатарынан «Jas Gala» жобасы ұйымдастырылып жатыр. Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. «Jas Gala» жобасы жылдан-жылға жастардың қатысуы жағынан, жастарға таралуы жағынан, өзінің әлеуметтік желідегі ақпараттануы жағынан өсіп келеді. Алдынғы жылы 1000-нан астам өтінім қабылданған болса, осы жылы аз уақыт ішінде 2000-нан астам өтінім келіп отыр. Бір ай бойы өтетін қалалық студенттік көктемде сәттілік тілеймін. Жанкүйер болып отырған жастарға алғыс білдіремін. «Алматы студенттер Альянсына» алдағы жобада сәттілік тілеймін», - деді ол.

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ төрағасы Жасұлан Бостандықұлы келген қатысушыларға өз алғысын білдірді.

«Бүгін мінекей, көктемнің ең үлкен мерекелерінің бірі «Jas Gala» фестивалінде бас қосып отырмыз. Тек ғана Алматы қаласында емес, әлемдік деңгейде ұйымдастырылатын өнер фестивалі талантты жастарға үлкен мүмкіндік береді. Сіздерді көріп отырғаныма қуаныштымын. Бір ай бойы белсенді қатысып, өздеріңізді кәсіби шыңдауға мүмкіндік алып, арнайы спикерлермен мастер-кластар және тренингтерге қатысатын боласыздар. Барша қатысқан, қолдаған ЖОО-мен қаламыздың колледждеріне алғысымызды білдіреміз. Үздіктер жеңсін. Жүзден жүйріктерді бірге анықтайық!», - деді ол.

Айта кетейік, жоба мамыр айына дейін жалғасын тауып, жеңімпаздар 3 мамыр күні қорытынды гала концертте анықталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Д
Дана 06.04.2024
Жоғары деңгейдк өтті
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл