Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматыдағы Абай алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше дрондар шоуы өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Іс-шара барысында аспанда 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу ұсынылады.
– Көрсетілім барысында соғыс жылдарында Қазақстанның хас батырлары — Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлы бейнесі жарық анимация арқылы жанданбақ. Олардың ерлігін сипаттайтын көріністер символикалық түрде бейнеленеді, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Көрермендерге арналған арнайы алаңдар Абай алаңында, "Қазақстан" қонақ үйінің жанында, Caspian University маңында және Абай даңғылы бойында (Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейін) дайындалады.
Іс-шараға байланысты 18:00-ден 21:30-ға дейін Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық көшесіне дейінгі аралығы мен Достық көшесінің Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
Қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.