Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы полиция департаментінің өкілдері №7 аурухана маңында болған оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Алматы қалалық полиция департаменті бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - "ДуманТрансКом" ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғанын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлайды", - делінген хабарда.
Бақылаусыз қалған қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатқаны айтылады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам зардап шекті. Үшеуі жедел медициналық көмек келгенге дейін қаза болды. Үш ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы диагноздары қойылды, бір науқаста сол жақ жамбасы сынған. Төртінші жәбірленуші, 15 жастағы бала №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды, диагнозы: сол аяқ сүйектерінің сынуы. Барлық зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі", - деліген басқарма хабарында.