Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы NASA мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Space Settlement Contest — мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы жаһандық байқау. Ол инженерлік ойлау, шығармашылық және ғылымға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Министрліктің хабарлауынша, биыл байқауға әлемнің 25 елінен 26 мыңнан астам оқушы қатысқан.
Алматы қаласының 9-сынып оқушылары Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы және Ілияс Дәулет әзірлеген YURT жобасы бірінші орынға ие болды. Олар Юпитер орбитасында қозғалып, оның Ганимед пен Каллисто серіктеріне жақындай алатын автономды ғарыш станциясының моделін ұсынды. Станция 30 мың адамға арналған, жасанды гравитация және толық дербес өмір сүру жүйелерімен жабдықталған.
Тағы бір алматылық команда – 8-сынып оқушылары дайындаған “Икарус” жобасы өз санатында екінші орынды иеленді. Олар 45 мың тұрғынға арналған, Ганимедтің төменгі орбитасында орналасатын ғарыш станциясын ұсынды. Жобаны әзірлегендер: Табылды Асан, Темірбулатов Арман, Інкәрбек Сабыржан, Құзбакова Томирис, Жапаров Мұхидин, Әлішер Бағдәулет, Берік Уәли, Нұрсұлтан Айсұлу, Таиров Арлан және Бақыт Аслан. Командаға жетекшілік еткен — 12-сынып оқушысы Әділет Сандықбаев.