| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысында міндетті төлемдерден жалтару үшін көліктерді заңсыз есепке қоюмен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды. Тергеу нәтижесінде ондаған көліктің заңсыз тіркелгені анықталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті алымдар мен төлемдерден жалтару мақсатында көліктерді заңсыз тіркеу схемасын ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.
Тергеу деректеріне сәйкес, заңсыз жолмен 82 автокөлік есепке қойылған. Олардың қатарында N3 санатындағы жүк тартқыштар мен M1 санатындағы жеңіл көліктер де бар.
Қылмыстық әрекетке 9 адам қатысқаны анықталды. Олардың ішінде көлік инспекторы мен нотариус та болған. Топ мүшелері клиенттерді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тауып, “төлемсіз тіркеу” қызметін ұсынған.
Мұндай заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке шамамен 705 миллион теңге көлемінде залал келген.
Сот шешімімен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 2,4 миллиард теңгеге жуық мүлікке тыйым салынды. Қазіргі таңда 5 адам қамауда, 3 адамға үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылған. Іс материалдары сот қарауына жолданды.