Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Азаматтар тұрғын үйге инвeстиция салу үшін ақша жинаған корпоративтік қорға шағымданды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"7 қыргүйекте "Otbasy men jastardy Koldau kory" қорына алаяқтық ісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ұжымдық өтініш жазды. Қор халыққа баспана сатып алу үшін тиімді ұсыныс жасап, олардан ақша жинаған. Нәтижесінде, өз міндеттерін орындамаған", - делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі кезде "екі және одан да көп aдамға қатысты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.