Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
FlyArystan әуекомпаниясы 2025 жылдың 1–4 қыркүйек аралығында, сондай-ақ 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін Астана әуежайында сағат 10:00–18:00 аралығында жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесінде өзгерістер болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, жолаушыларға билетті брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, туындаған барлық сұрақтар бойынша FlyArystan байланыс орталығы мен WhatsApp желісі арқылы қолдау көрсетіледі.
Компания әуежайдың уақытша жабылуы әуекомпанияның бақылауынан тыс себептерге жататынын атап өтті. Сондықтан стандартты өтемақы ережелері қолданылмайды. Дегенмен, қайта брондау және билетті қайтару шарттары жолаушыларға жіберілген хабарламаларда көрсетілген және FlyArystan ресми сайтында қолжетімді.
FlyArystan Астанаға немесе Астанадан аталған кезеңде сапар жоспарлаған жолаушыларға рейстерінің өзекті статусын алдын ала сайттан немесе мобильді қосымшадан тексеріп отыруды және келіп түсетін хабарламаларды мұқият қадағалауды ұсынады.
Байланыс деректері:
• FlyArystan байланыс орталығы: +7 (727) 331-10-10
• WhatsApp: +7 702 702 02 27
• Астана әуежайы: +7 (7172) 702–999